Үндістанда жеті тісі бар сәби дүниеге келді (фото)
Үндістанның батыс аймағында жеті тісті сәби дүниеге келді. Кішкентай Праян Шарманың жеті тісі де ауыз қуысының астыңғы бөлігінде орналасқан. Бір қызығы, ата-анасы сәбидің тістерін тек 10 күннен кейін байқапты.
Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
10 күн бойы нәресте интенсивті терапия бөлімінде жатқан. Себебі дәрігерлер жаңа туған сәбиден инфекция анықтапты.
«Әйелім оны алғаш рет емізгенде аузында бірдеңе барын байқады. Өзіміз есеңгіреп қалдық. Бірден жеті тіс», – деп еске алды сәбидің әкесі.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай Үндістанның батысында алғаш рет тіркеліп отыр.
Сәбидің тістері қимылдап тұрғандықтан, дәрігерлер оларды алып тастады. Себебі сәби оны жұтып қоюы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Көп қабатты үй құлады: «Ирма» дауылының қорқынышты видеолары тарады
Lexus көлігінде 4 адам тірідей жанып кетті
БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды
Екіқабатпын деп ойлаған әйелдің ішінен 30 сантиметрлік ісік шықты