Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда дәрігерлер қателікпен әйелді өлдіге санап оны тірідей өртеп жіберді

Рачна Сисодиа қауіпті инфекция жұқтырып алғандықтан ауруханаға түскен. Үндістан ауруханасында дәрігерлер 24 жастағы әйелді қателікпен өлдіге санап, мәйітін туыстарына қайтарады. Ақырында оны қаза болды деп есептеген туыстары әйелдің денесін тірідей өртеп жібереді.

3DDD6BE000000578-4274272-image-a-1_1488445799781

Бұл туралы The Daily Mail  жазды.

Рачнаның 23 жастағы күйеуі Девеш Чаудхари мен оның туыстары өз жоралғыларына сәйкес әйелдің денесін өртейді.

Анықталғандай, оны тірі деп ойлаған туыстарының бірі өртті өшіреді. Сонда Рачнаның өкпе тұсынан тірі адамға тән дене жарақаттары анықталады.

Кейіннен дәрігерлер әйелдің өкпеге түскен инфекциядан емес, өрт шалған күйіктен шок алып қайтыс болғанын анықтады.

Дәрігерлер Рачнаның сүйегін ДНҚ-ға өткізу үшін сақтап қалды. Полиция жүргізіп жатқан сараптама нәтижесінің қашан шығатыны белгісіз.

 

 

Талқылау