Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен даудан соң “Болашақ” басшысы қызметінен уақытша аластатылды

Мыңдаған жасты шетел асырып оқытып жатқан орталық басшыларынан көресіні көрдік деп қызметкерлері шағымданғаннан кейін істі мемлекеттік органдар өз назарына алған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

8aef84e4da0d3ff3ebc269dd3cd

Фото: Kapital.kz

«Болашақ» орталығының іші бір қарағанда тыныш көрінгенімен, жанжалдың көкесі осында. Мекеменің бір топ қызметкері 8 ай бұрын келген басшы Жанболат Мелдешовтың, үш орынбасарымен қоса жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Мұның себебін арыздарында ашып жазыпты.

“Жанболат Мелдешов келгелі жұмыс істеу қиындап кетті. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, қоластындағыларды «жұмыстан шығарамын» деп қорқытады. Әрі өзінің таныс-тамырын қызметке орналастырып жатыр” делінген арызда.

Әрі осы арызда «Болашақ» бағдарламасына жауапты Мелдешовтың тым дөрекі екенін жазылған. Яғни, балағат сөздерімен, қоластындағыларға қысым жасап, тіпті соның кесірінен тәжірбиелі кадрлар еркімен жұмыстан кеткен. Басшыларының дөрекі екеніне видео да дәлел. Мұнда Мелдешов “Болашақпен” оқуға түскендерді қойға теңеп, аузына келгенін айтып жатыр.

Ал дауға қалған басшының өзі болса, ешкімді қабылдауға құлықсыз. Тіпті, есікті ішінен жауып, журналистерден тығылып қалды.

Кейін белгілі болғандай, кабинетіне жасырынған Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша босатылыпты. Өйткені, «болашақтықтардың» шағымы бойынша, Білім министрлігі ауқымды қызметтік тексерісті бастады. Ал, дауға қалған «Болашақ» басшысының міндетін атқару уақытша орынбасарына жүктелмек.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Талқылау