Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаттықтырушысы: Головкиннің күш-қайраты кетіп барады деп қателеспеңіздер

Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес алдағы кездесуге қатысты пікір білдірді.

18645136_1204818436306972_3949572210808586240_n

Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.

“Мен тамаша кездесу болатынына сенімдімін. Себебі, екі қарсыластың да стильдері ерекше. “Канело” ара- қашықтықты алыстатып жүріп жұдырықтасады деп ойламаймын. Бұлай болған жағдайда оны жанкүйерлері кешірмейді. Біз осы кездесуді екі жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Биыл уақытты келді деген ойдамыз. Десе де, бұл келесім-шартқа 5 жылдан кейін қол қойылған Мэйвезер пен Пакьяоға қарағанда түкте емес. Көпшілік Головкиннің жасы келіп, күш-қайраты кетіп барады деп ойлап жүр. Олай емес! 16 қыркүйек күні сіздерді тосынсый күтіп тұр. Иә, “Канелоның” жақсы қарсылас екені рас. Бірақ, мен оның нокаутшы екеніне сенбеймін”, – дейді Абель Санчес.

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ағалы-інілі қос боксшы Азия чемпионы атанды

Криштиану Роналду жаңа туған егіздерін көрсетті (фото)

Еуропа лигасы: “Қайрат” “Атланта” құрамасын 2:1 есебімен жеңіп кетті

78 жастағы қазақстандық рэпер-әже бүкіл әлемге танылуда (видео)

Талқылау