Жамбылда дәретханадан табылған сәбиге ат қойылды

Жұма, 15 Қаңтар , 2016 10:24

Жамбылда дәретханадан табылған сәбиге есім берілді. Бұл туралы Т.Рысқұлов ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева хабарлады.

1004449675b41657dc9d57f32d2384c1_L

“Құжаттары бүгін ғана қолға тиіп отыр. Нәрестенің аты-жөні – Жансая Мәжіғұлова, туған күні – 3 қаңтар 2016 жыл. Қыздың атын әжесі  қойып отыр. Анасының тегі берілген. Құжатта әкесінің аты көрсетілмейді”, – деді білім бөлімінің басшысы.

Оның айтуынша, нәресте 20 қаңтардан бастап Тараз қаласындағы “Үміт” сәбилер үйіне беріледі екен. Ол үшін қазір қажетті құжаттар реттестірілуде екен. Оған дейін Жансая ауруханада болады. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Естеріңізге салайық, 3 қаңтар күні Жамбыл облысындағы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында орналасқан дәретханалардың бірінен жолаушылар  жаңа туған сәби тауып алған болатын. Анасы оны босанып, дәретхана шұңқырының ішіне тастап кеткен. Абырой болғанда, нәресте аман қалып, оған дер кезінде көмек көрсетілді. Ал, 21 жастағы жас ана болса оқиға болған күннің ертеңінде ұсталып, қазір тергеліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар