Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ойнап жүріп өртеніп кеткен 6 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды

Таразда 6 жасар баланың өртену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Таразда өртенген 6 жасар баланың оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге тергеудің мән-жайы хабарланбай отыр.

Өз кезегінде бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Зағипа Балиева болған жағдай үшін үлкендер жауап беретінін айтты.

«Тараздағы баланы басқа балалар өртеген. Олардың басына қылмыс жасап жатқандары туралы ой келген де жоқ. Басқа да жағдайлар орын алған. Ол туралы жазғым келмейді. Барлық жерде ересектердің жауапсыздығы байқалады. Біз ересекпіз, бұл үшін барлығымыз жауаптымыз», – деп жазды Зағипа Балиева Facebook желісіндегі парақшасында.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, бала әлі де ауыр жағдайда жатыр.

«Жағдайы тұрақты ауыр. Бала жексенбіден бері жан сақтау бөлімінде жатыр. Әзірге дәрігерлер ешқандай болжам айта алмайды. Ал оқиғаға қатысы бар басқа балалардың зардап шеккен, шекпегенін білмейміз. Медициналық көмек үшін бізге жүгінген жоқ», – дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Естеріңізге сала кетсек, Таразда ойнап жүрген 6 жасар бүлдіршін белгісіз жағдайда күйіп қалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау