Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот қазақ жігіті мен қытай азаматшасын қайта қосуға шешім қабылдады

Қазақстанның миграциялық заңын бұзған қытай қызының қайтадан Қазақстанға келуіне сот рұқсат етті.

2017090517172874767_1497257905_why-is-it-so-hard-for-him-to

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Бұған дейін қазақстандық Тұрсын Бөрібай өзінің әйелі – Қытай азаматы Жазира Иманәлімен қосу туралы өтінішті ішкі істер министріне жолдаған болатын.

Жастар екі жыл бұрын танысып, жақында ғана отау құрған. Алайда Жазира елдің миграциялық заңын бұзды деп елден шығарылғалы бері, екеуі бірге емес. Қазақстандық жігіт отбасында өзінің кенже екенін, ал әкесінің ауырып жатқанын және ұлының үйлену тойын көруді армандайтынын айтқан болатын. Жағдай оң шешімін тапса ол тойына министр Қалмұханбет Қасымовты шақыруға да уәде еткен.

ІІМ бұған дейін сот шешімі негізінде қызды өткен жылдың 29 маусымынан бастап 2021 жылдың 29 маусымына дейін ел аумағына кіргізбейтінін жария еткен. Сот шешімі өзгерген жағдайда миграциялық қызмет аталмыш тыйымның күшін жояды.

“Судьялар прокурордың талабы бойынша шешімді қайта қарап, тыйымның күшін жойды”, – деді Қасымов.

Оқи отырыңыз:

Шахан трагедиясы: Қаза тапқандардың отбасы тағы да миллион теңгеден алды

Алматы әуежайында Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Таразда шайхана алапат өртке оранды (видео)

Көлік кептелісінде қалған ер адам көз жұмды

Талқылау