Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шуда апатқа ұшыраған пойыз: 48-жастағы Астана тұрғыны ауруханада жатыр

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайдың салдарынан зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Шу аудандық ауруханасына жеткізілген 14 адамның біреуі ғана медицина мекемесінде қалып, қалғандары өз еріктерімен ауруханадан шыққан.

Шуда апатқа ұшыраған пойыз: 48-жастағы Астана тұрғыны ауруханада жатыр

Сурет: 24 хабар

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдайдың салдарынан 14 жолаушы түрлі жарақаттармен Шу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір емдеу мекемесінде 48 жастағы Астана тұрғыны Әліби Байжановтан басқасы өз еріктерімен ауруханада шығып кеткен. Зардап шеккен Астана тұрғынының екі аяғы сынып, ем қабылдап жатыр, деп түсіндірді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мунатаева.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдайдың салдарынан екі аяғы сынып, ауруханаға түскен жолаушының әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау