Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде пәтер жалдаушы әйеліне көз салған иесін өлтіріп, үйді өртеп кашпақшы болған

Қайғылы оқиға былтырғы жылдың қазан айында болған. 33 жастағы Ринат Жұмағұлов (аты-жөні өзгертіліп берілді) Арман Рахимов есімді азаматтың пәтерінің бір бөлмесін бірге тұратын Альмира мен баласы үшеуі жалдап тұрған.

v_elce_revnivec_do_smerti_izbil_svoyu_sozhitelnicu_1

Сурет: 1pnz.ru 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Үйде өзге де пәтер жалдаушылар тұрған. Бір күні үй иесі мас күйінде Альмираға тиісе бастайды. Ол қарсылық көрсеткен соң оны пышақпен бірнеше рет жарақаттаған.

Бұл кезде Ринат үйде болмаған. Ол келіп, болған жайтты естіген соң, ашулықпен үй иесін ұрып-соғады. Оның үні шықпай қалғанын білгенде ғана, өлтіргенін түсінген. Осыдан кейін үйдегі барлық адамдардың сыртқа шығуы керектігін айтып, өзі оқиғаның ізін жасыру үшін үйді өртемек болған. Ринат бұған дейін де ауыр қылмысы үшін сотталған. Ол матрацты тұтатып, өзі үйден шығып кетеді.

Осы уақытта көршілердің бірі полицияға хабар беріп үлгереді. Жұмағұлов сыртқа шыққанда, оны полицейлер ұстап үлгерген. Полицейлер мен Ринат өртті дер кезінде өшіріп үлгереді.

Осылайша Ринат оқиға орнынан ізін жасырып үлгермеген.

Сотта өрттің әдейі ұйымдастырылғаны айтылды. Алайда, Ринаттың өзі үй ішінде темекі тартқанын, ал сіріңкені темекі тұтатқан соң көрпеге байқамай тастағанын айтады. Сот шешімі бойынша Ринат Жұмағұлов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң ұстау абақтысында өтейтін болды.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да ер адам танысын шеге суыратын құралмен ұрып өлтірді

Талқылау