Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғыны 12 қабатты ғимараттың төбесінен құлап, аман қалды

Семейде ер адам 12 қабатты ғимараттың төбесінен 9 қабатты үйдің үстіне құлап түсті. Биік ғимараттан құлаған 30-жастағы қала тұрғыны 9 қабатты үйдің үстіне түсіп, аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Семей тұрғыны 12 қабатты ғимараттың төбесінен құлап, аман қалды

Оқиға 19 қыркүйекте сағат 15: 16-да Әуезов көшесіндегі 22 үйде болған. Теледидар антеннасын жөндемекші болып 12 қабатты тұрғын үйдің шатырына көтерілген ер адам биіктіктен құлап 9 қабатты ғимараттың төбесіне бір-ақ түсті. Оқиға орнына бірден құтқарушылар шақырылып, жәбірленуші шатырдың төбесінен түсірілді. Ғимараттан құлап, аман қалған ер адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

«Қазір азаматтың жағдайы жақсы. Ол жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстарына құтқарушы қатысты»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау