Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Rixos қонақүйінің шатырынан құлаған альпинист өзін-өзі өлтірді дегенге достары сенбейді

Кеше Алматыдағы Rixos қонақүйінің шатырынан альпинист Василий Литвинов құлап кетіп, сол жерде мерт болған еді.

2293495

Фото: Антон Денисов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

15 жылдан бері өндірістік альпинизммен айналысып, өз ісінің нағыз шеберіне айналған жанның қайғылы қазасы оны танитындардың барлығын күйзелтіп кетті. Әлеуметтік желіде де Литвиновқа арналған жазбалар легі жарияланып жатыр.

“Мұндай кәсіби деңгейі жоғары адамның қазасы салмақты тексеру мен ашық сараптаманы талап етеді. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Өндірістік альпинизм – бұл кәдімгі альпинизм емес, бұл кәсіп”, – деп жазады желі қолданушысы Игорь Костенко.

Алайда Василий соңғы жылдары жұмыс істеген “Казспецремонт” ЖШС оның Риксос қонақүйімен қандай да бір келісім-шарты болмағанын айтуда. Сол күні Литвинов отель шатырында ешқандай жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс болмаған. Альпинистің келісім-шарты жоқ екеніне қарамастан қалай шатырға шығып кеткені түсініксіз қалып отыр.

Оның достарының айтуынша Василий біраз уақыт бұрын әйелімен ажырасып, қиын уақыттарды бастан кешірген. Алайда мұны “суицид” деп бағалауға болмайды дейді олар.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін аталған қонақүйдің төбесінен ер адамның құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Талқылау