Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риоға баратын босқындар командасына 10 спортшы енді

Биыл Бразилиядағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын босқындар командасының құрамына 22 адам кіреді. Олардың 10-ы спортшы да, қалғандары – ресми тұлғалар.

тим

Сурет rbc.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Мигранттардың дені – Африка азаматтары, екеуі – сириялық. Бұл туралы Швейцарияда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді.

“Мен алғашқы босқындар командасының құрамын жариялап отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл – тарихи сәт. Олар бүкіл әлемдегі мигранттар үшін өзіндік үміт нышаны болып, әлемдік қауымдастықтың назарын көші-қон дағдарысына аударады. Бұл спортшылар басына төнген қиындықтарға қарамастан, қоғамның дамуына белсене атсалысып келеді”, – деді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кеткен жөн, дүбірлі дода 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтеді. Босқындар тобы онда Олимпиада жалауы астында жарысады. Жеңіске жеткен жағдайда, марапаттау кезінде Олимпиада әнұраны шырқалуы тиіс. Ал жарысқа қатысуға кеткен барлық шығындарды Халықаралық олимпиада комитеті өз мойнына алып отыр.

Талқылау