Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде анасы тастап кеткен нәресте итке жем болған

Краснояр аймағында ит жеп тастаған сәбидің денесі табылды. Сараптама қорытындысы нәрестені тірі туғандығын анықтаған.

be6223eafa77738eca1b2882b5a25d9c_XL

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Тергеу дерегі бойынша, 22 ақпан күні Ачинск қаласының тұрғыны итті босатып жіберген. Біраз уақыттан соң ол ішінде жаңа туған нәрестенің денесі бар қапшықты алып келген.

Нәресте денесін ит жеп тастағандықтан оның жынысын анықтау мүмкін болмаған. Сараптама бойынша нәресте тірі туған. Әзірге сәби өлімінің нақты себебі анықталмады.

“Қазіргі таңда жаңа туған сәби денесінің табылуына байланысты куәгерлерді жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оның анасын анықтау үшін, үйлердің барлығы түгелдей тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Қытайда сауда үйіне келуші өз балаларын төртінші қабаттан құлатып алды

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Шымкент тұрғындары өз-өзін өлтіргелі жатқан ер адамды құтқарып қалды (видео)

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Талқылау