Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей суретшісі қағаздан қазақтың ұлттық той көйлектерін жасады

Ресейдің Тосно қаласының тұрғыны Ася Козина соңғы тоғыз жылдан бері модельер қағаздан ғажайып көйлектер оюмен айналысып келеді. Ол өзінің Алматыда өтетін көрмесіне дайындалып жатыр.

20160219030302

Сурет НТВ.Ru. сайтынан алынды

Көрмеде қазақтың 5 той көйлегінің көркемдік үлгісін көрсетуі керек екен.

Оның «Ақ түспен әуестік» атты көрмесі 2008 жылы Украинада өткен болатын. Одан бері бірнеше қуыршақтар мен көйлектер дайындаған. Автор қолынан шыққан дүниелердің ішінде жылқыларын жанынан жақын тартады.

20160219030311

Екі метрлік кеудешелер де автордың көңілілен шыққан. Ол үшін сән мен костюмдердің тарихы маңызды рөл атқарады. Сондықтан да оның туындыларының ішінде киім үлгілері көп. Қазақстандағы сапарынан соң оны мәскеулік көрмелердің бірімен ауқымды жұмыстар күтіп тұр.

20160219030320

«Қағаз туындыны әдемі, анық етіп көрсетеді. Көптеген костюмдерге мақта қолданамын, ал кіші қуыршақтарды ақ қағаздан жасаймын. Бір дүниені жасауға бір ай уақыт кетеді», – дейді Ася Козина.

20160219030306

Талқылау