Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында шенеуніктер жұмыс орнында ішімдікпен ұсталды

Жаңа жыл қарсаңында тексеріске шыққан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Павлодар облысының бірқатар бөлімшелерінде үстелге мерекелік салаттар мен тіскебасарлар, алкоголь қойып дастарған жайған шенеуніктердің былығын масқаралады.

Павлодар облысында шенеуніктер жұмыс орнында ішімдікпен ұсталды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік мекемелердегі жағдайды өз көздерімен көрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері: «Мұнда мүгедектер, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар көмек сұрап келеді. Ал мұнда сіздерде мынадай жағдай боып отыр. Мұны қалай түсіндіре аласыздар»,- деп жағдайды түсіндіруін талап етті.

Көптеген мемлекеттік мекемелерге жаңа жылдық отырыс жасауға тыйым салынғанына қарамастан, Павлодар облысында аудандық әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың қызметкерлеріне бұл мейрамды атап өтпеске болмапты.

Олар жаңа жылдық отырысты дәл жұмыс орнында ұйымдастырып, мол дастархан жайып қойып, бұл күнге жақсылап дайындалған екен. Мұныңмен қоймай олар дастарғанға ішімдік те қойып қойыпты. Бірақ, тост көтеріп мерекені атап өте бастағандары сол еді, үстерінен тексерушілер түсті.

Ал, бөлім меңгерушісі аяқ асты келген тексерушерге қол астындығарларға ішімдік ішулеріне рұқсат бергенімен, өзінің алкоголь ішпегенін айтып ақталды. Бірақ, олар мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында ішімдік ішуге болмайтынын ұмытып кеткен көрінеді.

Жалпы, мереке қарсаңында жүргізілген тексеру барысында осындай отырыс үшін 7 мемлекеттік қызметкер тәртіптіпке жауапкершілікке тартылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау