Өскеменде 9 мамыр күні тоналған соғыс ардагері қылмыскерді кешіріп, оны соттамауды сұрады

Бейсенбі, 1 Қыркүйек , 2016 12:21

Бірер күн бұрын Өскемендегі №2 сотта екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 92 жастағы Михаил Рогожкинді тонап кетуге байланысты сот процесі аяқталды. Қарт кісі қылмыскерге кешірім беріп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

veteranVOV20160511_0_1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске салсақ, Михаил Рогожкинді тура 9 мамыр күні тонап кеткен болатын. Мас күйдегі ер адам ардагердің пәтеріне кіріп, оны ұрып үйден ақша мен ордендерін алып кеткен. Бұдан соң ол ештеңе болмағандай көрші үйге барып, мерекелік дастарханнан дәм татқан. Ал ардагер болса туыстарына хабарласып, болған жағдайды баяндап береді. Оқиға орынына келген полицейлер көп ұзамай-ақ күдіктіні ұстайды. Ол осы уақытта қылмысын жасыру үшін ардагердің ордендерін унитазға ағызып жібермекші болған. Алайда қарттың ордендерін тәртіп сақшылары сақтап қалады.

Ұсталған күдікті – 40 жастағы, бұрын сотталмаған, Сергей Сурков есімді Ресей Федерациясының азаматы екен.

Сурковтың мойындауынша, 9 мамыр күні ол және әпкесі туыстарының үйіне мерекелеуге барады. Бір кезде спирттік ішімдік таусылып, Сурков дүкенге кеткен. Ол сол сәтте пәтер иесімен бірге неміс овчаркасын да серуендетіп үлгеріпті. Арақ сатып алып, үйге қайтқан. Подъезде ардагермен кезігіп қалады. Сурковтың айтуынша, қарт кісі одан ит туралы сұрап, сосын вино ішуді ұсынған. Олар баспалдақпен бірге көтеріледі. Ал рогожкин пәтерінің есігін ашқан кезде, қолындағы ит кенеттен сол жаққа қарай атылады. Сурков та иттің ізінен жүгіріп, зейнеткердің кеудесінен ұрып алған. Ал сосын сот материалындағыдай “Рогожкинді жұдырықпен бетінен ұрып”, бұдан кейін “медалдарын ұрлап алып кетіп қалады”. Өзінің әрекетін ер адам мас күйде болғандықтан деп түсіндірген.

Сот залында Михаил Рогожкин қылмыскердің ақшаны қайтарғанын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Ал екі тарап келісе отырып, моральдық өтемақы ретінде бір миллион теңгеге келіскен.

Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысының оқушылары бұзақының әрекеті үшін ардагерден кешірім сұрап, арнайы бейнежазбаны жария еткен болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар