Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орманда жоғалған баланы 2 000-нан астам ерікті таба алмады

Беларусь елінде бір апта бұрын орманға шығып жоғалып кеткен 10 жасар баланы 2 мыңнан астам ерікті іздеп жатыр.

Бұл туралы БЕЛТА басылымы хабарлайды.

Свислочск ауданындағы 10 жасар Максимді іздестіру жұмыстарына демалыс күндері 2 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр. Олар Белоруссияның түрлі аймағынан келген.

Мұнымен қатар, Максимді іздеуге жергілікті полиция, ТЖМ арнайы жасағы, авиация, сүңгуірлер, әскерилер, жақын аудандардың қорықшылары да көмектесіп жатыр.

Іздеу жұмыстарына орманның қалыңдығы мен ми батпақ кедергі келтіріп жатыр. Бала 17 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында жоғалған. Ол Свислочск ауданынан Новый Двор ауылына бармақ болған.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тежегіші істен шыққан КрАЗ автобусты соғып, 5 адам жарақат алды

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Талқылау