Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Қырғызстанда президент әкімшілігі алқасының отырысында министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров билік басындағыларға тойға баруға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “24kg” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото pixabay-дан

Ақылбек Жапаровтың айуынша мемлекет басшысының барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс. Ол президент Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына тоқталды.

"Ысырапшылдық болып жатқан жерді көрсеңіз, ол жерде болмаңыз. Тойға бармаңыз", - деді Ақылбек Жапаров.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айында Қырғызстанда президент жарлыққа қол қойып, іс-шаралар кезінде шектеулер туралы заң күшіне енді.

Заңның мақсаты азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру. Сондай-ақ діни рәсімдер мен қоғамдағы рухани мәдениетке теріс әсер ететін өзге де іс-шаралар барысында ысырапшылдықтың алдын алу.  

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда TikTok-қа шектеу қойылғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау