Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқудан шығарылған қазақстандық студенттерден өтемақы талап етілмек

ҚР есеп комитеті оқудан шығарылған студенттер қандай да бір жолмен өтемақы төлеу керек деп есептейді.

364af2cd9da4ce0e4c6cf59168cc2352_crop_l_5_t_133_w_915_h_515_resize_w_1140_h_696

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

ҚР есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин осындай ерекше ұсыныс жасады.

“Академиялық қарызы бар 366 адам оқудан шығарылды. Олар ішкі тәртіпті бұзғаны үшін шығарылып отыр. Олардың оқуына 1 млрд теңгедей қаражат жұмсалған. Менің өтінішім бар, “болашақтықтар” секілді олардың тарапынан қандай да бір өтемақы жасалса”, – деді ол.

Жаңбыршиннің ұсынысына пікір білдірген ҚР БҒМ өкілі “алдағы уақытта ондай механизмді жүзеге асыруға болмайды” деді.

“Шындап келгенде мен де, сіз де шешпейсіз. Бірақ сондай механизмнің керек екені ешкімде де күмән тудырмаса керек. Адамның оқуы үшін ақша жұмсалды. Ал ол нашар оқыды. Үлгерімсіздігі үшін оқудан шығарылды. Ал оған мемлекет тарапынан ақша жұмсалды. Ол ішкі тәртіпті бұзып отыр. Мен қандай да бір шара қолданылу керек деп есептеймін”, – деді ҚР есеп комитетінің төрағасы.

Талқылау