Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев алғашқы диссертациясын есіне түсірді

Үздік ғалымдарды марапаттаған Назарбаев алғашқы докторлық диссертациясын есіне түсірді

 Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында елбасы Ақордада жаңа технологиялар ойлап тауып, ғылыми жаңалық ашқан ғалымдардың еңбегі еленіп, әл-Фараби атындағы  мемлекеттік сыйлықты табыстады, деп хабарлайды КТК.

Мемлекет басшысы өз саласы бойынша тың ғылыми жаңалық ашқан атақты математик, физик, биолог дәрігер мен агрономдардың кеудесіне арнайы төсбелгіні өзі тақты. Президент профессор мен академиктерге өзінің зерттеулері жайында айтып берді.

-Бүгінгі алған мемлекеттік сыйлықтарыңыз құтты болсын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Осы алған білімдерізбен  алға қарай жылжып елге қызмет ете беріңіздер, – Нұрсұлтан Назарбаев.

Арасында техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаевта бар. Космосқа бірінші рет ғарышты игерудегі еңбегі ескерілген.

Мемлекеттік сыйлықтың биылғы жүлде қоры 18 миллион теңге. Бұл қомақты қаржыны марапатқа ие болған 6 ұжым мүшелері өзара бөліп алуы тиіс.

Талқылау