Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл халқы бірігіп Наурызда пісіретін “Суманак” асының тарихы мен дайындау әдісі (фото, видео)

«Суманак» немесе «Сумальяк» деп аталатын мерекелік ас иран және түркі тілдес халықтар арасында кеңінен тараған. Қазақстанның оңтүстік аймағы да осы бір ерекше тағам түрін бағзыдан біледі. Әрі көктем мерекесінің нышаны ретінде, қыстан аман шыққан  ауыл халқы біріге отырып тарихы тереңде жатқан асты әзірлеуді әдетке айналдырған.

ас15

Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі  Мақтарал ауданындағы Нұр ауылының,  айрандай ұйыған халқының мерекелік асты дайындау  процесіне қатысып қайтқан еді.

ас11

Суманак асының шығу тарихына қатысты бірнеше аңыз әңгімелер бар. Осыған қатысты Нұр ауылының сыйлы да құрметті  Райхан анасы  өз ата-анасынан естіген нұсқасын айтып берді.

ас12

Суманак асын дайындауға кіріскен аналар бастамаға, алдағы жылға тілектерін айта отырып дұға етеді.

ас10

ас8

Бес күннен кейінгі өнген бидай.

«Баяғы өткен кедейшілік заманда  бір ана тамақ сұрап жылаған баласына не берерін білмей қатты абыржиды. Сол кезде ол баласын жұбату мақсатында «қазір ас дайын болады, шыда» деп қазанға тасты салып қайнатуға кіріседі. Оның үйінде аз ғана өнген бидай мен ұн және май болыпты. Соның барлығын суға араластырып, әйел өлең айта отырып от жағабереді. Баласы жылауын тоқтатып, тамақты күте-күте  шаршап ұйықтап кетеді. Баласы тынышталған әйел де қазанның қақпағын жауып, жылы жерге қисая кетеді. Таңертең қараса осындай дәмді ас дайын болғанын көреді. Сөйтіп әйел баласына беріп, оның қиялынан пайда болған ас екеуіне бірнеше күнге жеткен екен»,-дейді Райхан ана.

ас5

Суманак асы бұл ауылда жыл сайын Наурыз мерекесіне орай пісіріледі. Бұл бір жағынан, қыстан аман шығып, келесі жылға дейін төрт көзіміз түгел аман жүрейік деген ниетте пісіріледі.

Асты дайындау үшін бидай, су, аздап қант, май, ұн керек.

Алдымен ауыл анасы бидайды жақсылап жуып, ақ матаның үстіне жайып тастайды. Бірнеше күн қатарынан үш мезгіл суландырып, бидайды өндіреді. Бидай дайын болған кезде ауыл әйелдері бір үйге жиналып асты дайындауға кіріседі.

Бірінші өнген бидайды етөткізгіштен өткізіп, суы мен қалдығын бөліп алады.

ас6

Ұнды суға жақсылап езіп, бидайдың суына араластырады. Осы сұйықтық дайын болған кезде  барлығын үлкен қазанға құяды. Қазанның астына балалар терген тасты жақсылап жуып салып қояды. Осыдан кейін  ұн мен бидай суы, май, қант араластырылады. Енді ауыл адамдары 12 сағат бойы  қазанның отын өшірмей, кезекпен ниеттерін айтып, әндетіп, қызықты әңгімелерін тілек-ниеттерін айта отырып араластырады.

ас7

ас9

Суманак асын дайындауға үлес қосқан адам мол сауапқа қалады деген түсінік те бар.

«Ең құрығанда ұзақ дайындалатын асты жеген адамдар алғысын айтады»,-дейді ауыл аналары.

ас3

Бірнеше уақыт қайнаған суманакты соңына таман кемінде, үш сағат астындағы шоққа бұқтырып қояды.

ас2

Ертеңгісін ыдыстарын алып ауыл адамдары суманак пісірілген үйге жиналады. Қазанды әрине ауылдың ең сыйлы, құрметті, үлгілі анасы ашып, биылғы жылға жақсы ниетін айта отырып ыдыстарға құяды.

ас14

Бұқтырылған астың  бетін ашқанда ауыл анасының айтуы бойынша,  бір сурет немесе кескін шығады екен. Ол дегені келер  жылдың белгісі яғни, қандай сурет шықса соған байланысты  болжамдар жасалынады екен.

ас1

Біздің суманактың бетінен жер қыртысына ұқсас сурет пайда болды. Ауыл аналары  мұны биыл дәнді-дақыл бітік шығып, берекелі, мол өнімді жыл болады деп болжады.

Суманактан ауыз тиетін кезде балалар ниеттерін айтып, содан кейін барып шылдыр шүмекпен ауызға апарады. Астың ішінен шыққан тасты әр үй қойдың асығы сияқты сақтап қояды екен.

ас13

Мұндай асты сіз де өз туыстарыңызбен немесе көршілеріңізбен бірігіп пісіріп, дәмін татып көрсеңіз болады.

Оқи отырыңыз:

Ақмолалық азамат алғашқы махаббатын 50 жасында жолықтырып, отбасын құрды

Айдарбекова: Ендігі арманым күйеуімді актерлық, әншілік жағынан таныту

Үш мәрте тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова қызды болуды армандап жүр

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Нұртас Айдарбеков халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Нұртас Адамбай желідегілердің барлығын қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

 

 

Талқылау