Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр хиджабпен келген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдердің әрекеті дұрыс екенін айтты

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке хиджаб киген оқушыларды кіргізбеген мұғалімдердің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

1 қыркүйек күні Түркістан облысының Фирдоуси ауылында орамал таққан оқушы қыздарды мұғалімдер мектепке кіргізбеген. Мұны министр де қолдап отыр, деп хабарлайды Sputnik.

“Біз ол жаққа арнайы комиссия жібердік. Ата-аналарға түсіндіу жұмыстары жүгізіліп, келісімге келу керек. Орамал таққан оқушылар мектепке кірмейді”, – деді Сағадиев үкімет кулуарында.

Бұған дейін де министр мектеп талабын ұстанып, оқушыларға орамал тақпау керектігін ескерткен.

“Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ”, — деген болатын министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау