Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Mezzo тобы Уитни Хьюстонның әнін жоғары деңгейде орындады (видео)

Қазақстандағы классикалық кроссовер бағытында ән салатын алғашқы вокалдық топ Mezzo аты аңызға айналған Уитни Хьюстонның танымал хиті “I will always love you” әнін орындап, елді тамсандырды.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Классикалық кроссовер бағытында ән айтатын квартеттік топ әлемге танымал өнер туындысын өз дауыстарынан бірнеше тонға төмендетіп айтып көрді. Соған қарамастан, жігіттер бұл әнді мінсіз орындады. Вокалистер тыңдармандардың өте жоғары бағасыа ие болды.

Аталмыш топ 2012 жылы құрылған болатын. Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов есімді жігіттердер құрылған топқа Абдель Мұхтаров продюсерлік етеді. Топтың репертуарында әртүрлі тілді әндер бар. Сондай-ақ, топ Andrea Bocelli, Il Divo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra сынды әлем жұлдыздарының әндерін кавер нұсқада орындаған.

Айта кетейік, Mezzo тобы өздері құрылған жылы «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша «Алтын адам» сыйлығына ие болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Mezzo тобының жаңа әніне тыңдармандары оң бағасын берді (видео)

Mezzo тобы әйгілі хиттерді 5 минут ішінде орындап шықты

Талқылау