Mezzo тобы әйгілі хиттерді 5 минут ішінде орындап шықты
Отандық Mezzo тобы әйгілі хиттерді небәрі 5 минут ішінде жанды дауыспен орындап шықты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аталған топ классикалық кроссовер стилінде ән салады. Осы уақытқа дейін Mezzo тобы заманауи әндер мен 90-жылдардың үздік хиттерін орындаған болатын.
Бес минуттық роликте See You Again (Wiz Khalifa Ft. Charlie Puth), Love Me Like You Do (Ellie Goulding), Sugar (Maroon 5), Say Something (A Great Big World, Christina Aguilera), Hello (Adele) сынды композициялар орындалды.
Видео опубликовано Официальная страница гр. MEZZO (@mezzo_kz)
Топтың продюсері Абдель Мұхтаров “Mezzo тобы мен үшін ақша табуды көздейтін қарапайым шығармашылық ұжым емес, бұл ең бірінші кезекте құндылықтарды қайта қалпына келітіріп, дәріптейтін топ. Вокал, хореография, актерлік шеберліктен бөлек, топ мүшелері ағылшын тілін жетік меңгеру үстінде” деп өзі құрған топтың болашағы жарқын екен тілек тиек еткен-ді.
Естеріңізге сала кетсек, аталған топ 2012 жылы X-Factor жобасынан кейін құрылған болатын.