Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында абақтыда екі экс-шенеунік көз жұмды

Қызмет бабында жалған құжат жасау арқылы айыпталып, түрмеге түскен Жаңаөзен қаласындағы Қызылсай және Теңге ауылы әкімдерінің бұрынғы орынбасарлары денсаулық жағдайлары әсерінен көз жұмды.

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Экс-шенеуніктер жер мәселесіне қатысты жалған құжат жасап, алаяқтыққа барды деп айыпталған.

Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары Әнуар Борашевтің айтуынша, жыл басынан бері құқық қорғау органдары әкімдік қызметкерлерінің жұмысын мұқият бақылаған. Тексеру жүргізу барысына ауыл әкімдері орынбасарларының заңсыз әрекеттерін анықтапты.

“Екі шенеунікте бір лауазымда жұмыс істеген. жер қатынастары мәселесіне жауапты болған. Және заңды да бір схема бойынша бұзған: жеке үйлер тұрғызылған жер телімдерін жалған құжат жасатып берген”, – дейді Борашев.

“Біз шара қабылдап, қылмыстық іс қозғадық. Алайда екі азамат та тергеу кезінде қайтыс болды. Күдіктілердің өліміне байланысты оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды”, – деді прокурор орынбасары.

Прокуратура екі жағдайда да зорлықсыз өлім болғанын жариялады.

“Олардың өлімдері мен қылмыстық іс арасында байланыс жоқ. Бұл қастандық немесе суицид емес. Олардың аурулары болған, науқас меңдеп көз жұмды”, – деді прокуратура.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Талқылау