Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақтаулы «Тұлпар-Тальго» пойызына мінген жолаушыларды кір төсек шошытты

Пойыздағы төсек тысының тазалық талаптарына сай келмейтінін ашық айтқан Роза Шамсуддинова кір-қожалақ қаптамаларды қолтықтай келіпті. Ол алдыңғы күні «Тұлпар-Тальго» пойызымен Алматыдан-Астанаға жол жүрген екен. Алайда онда берілген төсек жабындылары жуылмаған боп шыққан,-деп хабарлайды ктк арнасы.

төсек
«Вагонға кіріп жабындыны жайғанда жағамды ұстадым. Меніңше, төсек тысы мүлдем жуылмаған. Түсі сұрғылт тартқан, жағымсыз иісі бар»,-дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы директорының орынбасары Роза Шамсуддинова

Басқа емес, басшының көңілінен шықпаған жабындылар дәл осы жерде жуылады екен. Яғни «Тұлпар-Тальго» пойызындағы төсек тыстары мен орамалдарды жуып-тазалау «Ардагер» компаниясының мойнында. Бірақ ондағылар күнделікті жеті тонна кір-қоңды жууға қауқарсыз сыңайлы.
-Күніне қанша жайма жуасыздар?
-200..
-2 кір жуғыш машина, 2 кептіргіш ғана бар.

Аядай ғана бұл жерде кір жуатын қос құрылғы мен бес-алты адам ғана жұмыс істейді екен. Сондықтан олар әзірге күнделікті екі жүз қаптама төсек жабындысын жуып тазалауда. Бірақ соның өзі сапасыз жуылып, қыртыстары жазылмаған болып шықты.
«Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызындағы төсек жаймаларын жуумен айналысатын бұл компания тендерді жақында ғана жеңіп алған. Сондықтан қанатын әлі кеңге жайып үлгермеген. Тиісінше мұнда қажетті құрылғылар да жоқтың қасы. Сондықтан олар жуылған кір-қоңды күннің көзіне шығарып тым қарапайым тәсілмен кептіруде.

Алайда «Жолаушылар тасымалы» компаниясындағылар өз әріптестерінің бұл әрекетін түсінбей әлек. Айтуларынша, Роза Шамсуддинова денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған екен. Сондықтан оның кір жуатын компнияларды тексеруге ешқандай құқығы жоқ дейді.
«Ол кісі қазір ауырып жатыр. Жұмыс істей алмаймын дейді. Біріншіден ол келісім-шарттағы міндеттерді орындап жатыр. Ешқандай сұрақ туындап жатқан жоқ «Ардагер» компаниясында. Тендер нәтижелерін құқық қорғау органдары тексеріп шықты»,-дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ сатып алу және жабдықтау жөніндегі атқарушы директоры Данияр Айқынбаев

Десе де алған бетінен қайтпаған Роза Шамсуддинова енді көлік прокуратурасына шағым түсірмек. Яғни ол арнайы коммиссия құрып, жолаушыларға берілетін төсек жабындыларының қандай жағдайда жуылатынын тексеруді талап етемін дейді.

Талқылау