Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжарлықтар мұнар табиғи құбылысының куәсі болды

Қызылжарлықтар бір аптадан бері “мұнар” деп аталатын табиғи құбылысқа куә болуда. Мұны өңірде толассыз жауған жауынның салдары дейді мамандар, – деп хабарлайды КТК арнасы.

2585

Мұнар дегеніміз —атмосфераның төменгі қабатындағы ауаның бұлдырланып, көмескі тартуы. Құрғақ тұман ұзақ уақыт бойы тұрған ылғалды ауа-райынан пайда болады екен. Солтүстік Қазақстан облысында шілде айында жауын шашын әдеттегіден екі есе көп түсіпті.

Ал температура айтарлықтай жылы болған. Нәтижесінде теріскей өңірі үшін сирек кездесетін құбылыс орын алды. Оның адам ағзасына еш әсері жоқ, – дейді мамандар.

“Бұл құбылыстың адамның денсаулығына ешқандай зияндылығы жоқ. Бұл тұманның бір түрі. Түтінмен оны шатастыруға болмайды”, – дейді инженер-метеоролог Зарина Кенжебаева.


Жіберіп алмаңыз:

Табиғат заңдылығы ауытқыған аумақта жоғалып кеткен қытайлық 17 күннен соң үйіне оралды

Астрофизик Жерге қауіп төндіретін құбылысты анықтады

2016 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл ретінде танылуы мүмкін

Синоптиктер Алматыда күннің неге қатты күркірегенін түсіндіріп берді

Талқылау