2016 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл ретінде танылуы мүмкін
Ғалымдар биылғы жыл тарихқа ең ыстық жыл ретінде кіруі мүмкін деп бағамдайды. Биылғы ауа температурасы ең жоғарғы шекке дейін көтерілген.
Фото: stmegi.com
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Бұған өз уақытынан бұрын және үлкен жылдамдықпен еріп жатқан мұздықтар да себеп екен. Ғаламдық жылыну мәселесін әлемдік көшбасшылар осымен бірнеше жыл қатарынан талқыға салып келе жатыр. Олардың қабылдаған шешімдері мен қол қойған келісімдері әзірге тек қағаз жүзінде қалып келеді.
Осы жылы ауадағы көмірқышқыл газы да күрт артқан. Мұны 14 ай қатарынан өзгермей келе жатқан температура да дәлелдейді. Жалпы алғанда, планетадағы орташа температура 14 ай қатарынан Цельсий бағаны бойынша 20 градустан төмендер емес.
“Ауа-райында қазіргі таңда болып жатқан жағдайды Эль-Ниньо құбылысы деп атауға болады. Ол қысқы термостатты көтерді”, – дейді бүкіләлемдік метерологиялық ұйымның бас хатшысы Петтери Таалас. Оның айтуынша бізді әлі алда небір жылы ағыстар мен сел, көшкіндер күтіп тұр екен.