Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін қайтыс болған Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ студентінің ағасымын деген азамат көпшіліктен көмек сұрайды

Алматыдағы  Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың  студенті төбелес кезінде жарақат алып  қаза болғаны  жайлы  ақпарат көпшілікті шошытқан еді. Енді Самурат Тұңғышбайұлының ағасы Арай  Байменді көпшіліктен көмек сұрап отыр.

222

Ол әлеуметтік желілердің біріндегі За тебя Бәке парақшасына болған жағдай жайлы толық  мағлұмат беруге тырысқан. Сондай-ақ, көпшіліктің қолдауына зәру екенін жеткізген.

Мына суреттегі  Жақсылықов Самурат  Тұңғышбайұлы. Оны курстасы  Текшиев  Тілек осы жылдың 30 қарашсы  күні  университетте пышақтап өлтірген болатын. Олар екеуі де Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы  ҚазҰТЗУ –да бокалавр мамандығы бойынша соңғы курсты оқып жатыр еді.

«Оқиға болар кезде олар кітапханада болған. Олар онда орындыққа таласып қалған. Кейіннен мәселені шешу үшін оқу орнының дәретханасына барған. Төбелес кезінде Тілек қалтасынан үнемі өзі алып жүретін пышақты шығарып,қарсыласына сұққан. Пышақ тиген жігіт аз уақыттан кейін есін білмей талып құлаған. Ал шошып кеткен Тілек  қолындағы қаруын дәретхана терезесінен далаға қаратып лақтырған»,- дейді  өзін Самурат Тұңғышбайұлының ағасымын деп таныстырған Арай.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше жеделжәрдем 18 минуттан кейін жетіп келген. ЖОО ауруханасында жараланған жігітті қарайтын адам табылмаған. Оқиға Алматы уақыты бойынша күндізгі  үштер шамасында болған.

«Айыпталушы қазірге бар кінәсін мойындап отыр. Оның қорғаушысы  оқиғаға қаза болған жігіттің өзін айыптауға тырысып бағуда. Бейресми ақпараттар бойынша айыпталушының заң органдарында басшылықта отырған туыстары бар көрінеді. Оның әкесі зейнеттегі заң қызметкері екен»,-дейді Арай.

«Біз айыпталушы жайлы айтылған сөздерге қарап істі қарау тоқтап қалады ма деп қорқамыз. Мен қайтыс болған  Жақсылықов Самураттың ағасымын. Көмектескісі келетін адамдардан осы мәліметті таратуды сұраймын. Алдын ала барлығыңызға алғыс айтамын»,- дейді оқиғада қайтыс болған жігіттің ағасы  Арай Байменді.

Жазбаның астында қалдырылған пікірлердің ішінде екі студенттің ортақ достары мен курстастары оқиға жайлы біраз мәлімет қалдырға.

Бір студент “Оқиға болған кезде мұғалімдердің барлығы президент жолдауын тамашалап отырды” ,-деген.

” Түсініңіздерші ол  өте жақсы жігіт еді. Бұлай өмірден өтеді деп ойламаппыз. Мұндайға лайықты емес еді”,- дейді Сәкен Мұхтарбеков есімді қолданушы.

Оқиға қарашаның 30 күні болғаны жайлы айтқан болатынбыз. мерекелерге байланысты болды ма оқу орны үш күндей үнсіз жатқан. Енді қылмыстық істе ЖОО басшылары мен мұғалімдері де жауапқа тартылуы мүмкін деген болжам бар.

 

Талқылау