Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы 15 жасар оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қостанайда 15 жасар оқушы қыз бірнеше пышақ жарақатын алып, қайтыс болған. Әкесі анасын өлтіргені үшін сотталып, рақымшылықпен бостандыққа шыққан. Қыздың мәйітін тәтесі тауып алды.

Бұл тураалы “Наша газета” хабарлады.

Оқиға 17 наурызда болған. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және бұдан басқа ешқандай мәліметті жария ете алмайтынын айтқан еді.

Жергілікті сайттың жазуынша, 15 жасар қыз көптеген пышақ жарақатын алған. Әкесі қыздың анасын өлтіргені үшін сотталып, екі жыл бұрын рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

Болжам бойынша, үйден шығып кеткен тәтесі қайтып келгенде бірнеше жерден пышақ жарақатын алған қызды көрген.

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеевтің айтуынша, 17 наурыз күні емханаға пышақ жарақатын алған ер адам келіп түскен, деп хабарлайды alau.kz басылымы. Ер адам кеуде тұсынан жарақаттанған.

“Жан сақтау бөліміне түсті. Қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір мамандардың бақылауында”, – дейді Юрий Моисеев.

Қостанай облысы ІІД жасөспірімнің өліміне қатысты ресми хабарлама әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Бұдан бұрын Қостанайда тоғызыншы сынып оқушысын өлтіріп кеткенін жазған едік.

Тағы оқыңыз:

Ресейде қазақстандықтарды тіркеу ережесі уақытша өзгереді

Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек

Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшысын өлтірген

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

 

Талқылау