Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшысын өлтірген
Ақтөбеде Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі өз жұмысшысын өлтірді.

Фото: Табылды Қадырбеков
Бұған қатысты сот үкімі шықты. Сот мәліметіне сәйкес, Аян Жәрменов қазан айында жәбірленуші С.Киктенконы жөндеу жұмыстары үшін жалдаған. Кейіннен араларында металл ыдысқа бола дау туып, Жәрменов оған жұдырық ала жүгірген. Ауыр соққы алған жәбірленуші 27 қазан күні мерт болды.
Оның ішіне қан кетіп, көкбауыры жыртылып кеткен. Сот үкіміне сәйкес айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға соталды. Алайда сотталушы бұл айыппен келіспейтінін айтты. Айтуынша, ол ыдысын ұрламақ болған жұмысшысын ұрып жазалаған.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жүргізушісі «сержант» шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды
Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды