Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жетпістегі қария 40 жастағы ұлының бетіне үш рет оқ атқан

Жетпістегі қария 39 жастағы ұлының басына үш рет оқ атқанКөкшетауда жетпістегі қария 39 жастағы ұлының басына  үш рет оқ атқан. Айдың күннің аманында туған баласына қару тақаған ақсақал кінәсін мойындап, полицейлерге өзі барыпты. Жәбірленуші тірі. Бірақ, өте ауыр халде жатыр,-деп жазды 31 арна.

Құзырлы орган қызметкерлері, жасы қырыққа тақаған Мұраттың ішімдікке әуестігін айтады. Бұл жолы да үйіне мас күйінде келген ол әкесімен жанжалдасып қалған екен. Қолында травматикалық қаруы болған дейді тергеушілер. Оны ұлынан алуға тырысқан ақсақал абайсызда үш рет басып жібереді. Оқтың үшеуі де ұлының бет сүйектеріне тиіпті.

«Жәбірленушінің қаруды қайдан алғаны анықталу үстінде. Өзі даладан тауып алдым деген. Бірақ, шын мәнінде қару өзінікі болып шықса, Мұрат та жауапқа тартылатын болады»,-дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі  Гүлнәр Пинчук.

Жәбірленуші ата-анасымен бірге мына үйде тұрады. Әйелімен ажырасқан. Жұмыс істемейді. Араққа сылқия тойып, жанжал шығару ол үшін қалыпты жағдай дейді көршілері.

«Ішіп алған кезде шу шығаратыны рас. Ал, сау жүргенде жап-жақсы адам. Қаншалықты жиі ішетінін білмеймін. Бір жолы мас болып, көршілермен ұрсысқан. Ішкен адамның ісі сол ғой, не істеп, не қойғанын білмейді»,-дейді Александр Печенкин.

Басына үш жерден оқ тиген Мұрат тірі қалған. Қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайының ауыр екенін айтады.

« Пациенттің хал-жағдайы қанағаттанарлық. Бет, мұрнының тұсына оқ тиген. Қазір қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатыр. Бірінші оқ бас сүйегінің жанына тиіп, миына зақым келген. Сондықтан, қазір нейрохирургия бөлімшесіне де қаралып жүр»,-дейді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары  Дмитрий Чайков.

Енді «ұлымнан қаруды алмақ болдым» деген қария жауапқа тартылмақ. Кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

ОҚО тұрғыны үйінің ауласын зообақ секілді жасап тастаған (фото, видео)

Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Талқылау