Қобалжыған депутат ант беру кезінде елбасы отырған төралқаға шығып кете жаздады

Жұма, 25 Наурыз , 2016 22:24

Өз еркімен тарап, күні кеше қайта сайланған ескі де жаңа парламент толық жұмысқа кірісті. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәжіліс сессиясын өзі ашып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

b3ef2890e3a39252580219f750178d9c-big

Сурет: forbes.kz 

Су жаңа депутаттар елбасы алдында ант қабылдап, төрағаларын да сайлап алды. Сондай-ақ, мәжілісмендер премьер Кәрім Мәсімов бастаған Министрлер кабинетімен бірлесіп жұмыс істей бермек. Яғни, олар қазіргі үкіметке сенім білдірді.

Мәжілістің екі айдан бері тыныштық орнаған ғимаратына бір-ақ күнде жан бітті. Таңертеңнен төменгі палатада қызыл-жасыл көйлек киіп, барынша сәнденген келіншектер, айнаға қарап, шашын тараған ер-азаматтар қаптаған. Бұлардың бәрі – су жаңа халық қалаулылары.

Мәжілістің есігін алғаш аттағандары жан-жағына жалтақтап, әлі үйренісе алмай жүр. Ал, қайта сайланған депутаттардың қуанышы қойнына сыймай кетіп барады.

Қайта оралған мәжілісмендерді министрлер де сағынып қалыпты. Шенеуніктер мен депутаттар құшақтасып қауышуда. Бірі ұялы телефонындағы айнаға қарап әлек болып отыр. Мұндай жүріс-тұрыс залға президент кіріп келгенде сап тыйылды. Парламенттің 6-шы шақырылымның алғашқы сессиясын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты. Елбасы ұзақ созған жоқ.  Депутаттарға нақты бағыт сілтеп, шұғыл жазылуы тиіс заңдардың тізімін тапсырды.

“Ең алдымен, салық және кеден кодекісін қабылдау керек. Екіншіден, жер қойнауындағы байлықты пайдалану, электр энергиясы, монополияға қарсы, мемлекеттік қызметтерді бәсекелі ортаға беру сынды мәселелерге қатысты заң жазу қажет”, – деді президент.

Президенттен тапсырма алған соң, 107 депутат Назарбаевтың алдында адал еңбек теуге ант берді. Қобалжығандары соншалық, бірі Ата заңға қол қоюды ұмытып кетіп жатса, жолынан жаңылып жоғарыда отырған президенттің алдынан бір-ақ шыққандары да бар.

Бірлескен жиыннан шыққан соң мәжілісмендер жеке қалып, жалпы отырыс өткізді. Әркім өз орнына жайғасқан. Алдыңға қатар тіс қаққан ескі депуттарға бұйырыпты. Ал, жаңадан келгендері соңғы қатарда отыр. Мәжілістегі ең жас деутат 26 жастағы  Генадий Шиповских. Машинистің көмекшісі болып жүрген жерінен Парламенттен бір-ақ шыққан ол журналистердің ерекше назарында.

“Пойыз жүргізетін болсаңыздар, артыңда қаншама адам болады. Бүкіл составта кетіп бара жатқан адамның өмірі біздің мойнымызда болады. Бәрі де аспаннан түскен жоқ. Бәрі де біліп келген жоқ. Бірақ, барынша осы өмірді жақсы қылуға тырысамыз”, – дейді  мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Мәжілісмендер жасырын дауыс беру арқылы спикерді де сайлап алды. Төменгі палатаны енді Атырау облысының экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады. Ал, оның орынбасары болып Ішкі істер министрінің экс-орынбасары Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаева таңдалды. Бүгін Мәжіліс Үкіметке сенім білдіріп те үлгерді. Яғни, депутаттар премьер Кәрім Мәсімов бастаған министрлермен бірлесіп жұмыс істей бермек.

“Ваше доверие – большая честь и большая ответственность для меня лично и для всех членов правительства. Я хочу еще раз сказать, что я был, есть и остаюсь помощником нашего президента”, – деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Бүгін басшы мен қосшыны сайлап, орындарын түгендеп алған мәжілісмендер заң жобаларын қарауға келесі аптадан бастап кіріседі. Бүгін кімнің қай комитетте және қандай мәселе жауапты болатыны да нақтыланды. Сондай-ақ, әзірге су жаңа депутаттардың кабинеті де дайын емес екен. Есілдің сол жағалауындағы қымбат пәтер мен жеке қызметтік көліктің кілті де санаулы күнде қолдарына тапсырылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар