Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ер адам ВКонтакте желісіндегі жазбасы үшін ұсталды

Қызылордада ер адам тыйым салынған аудио материалды ВКонтакте әлеуметтік желісінде сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы Полиция департаментіне сілтеме беріп. 

телефон

Белгілі болғандай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған ер адам анықталған. Ол деструктивті діни ағымын ұстанатын 40 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.


Оралда орманнан өлі табылған қыздың кім екені анықталды 


Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Талқылау