Киімнің бұл 3 түсі сыртқы келбетіңізді «қымбат» көрсетеді

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 14:18

Әр қыз баласы киім таңдауда киімнің сапасы мен матасы сынды, түсінің де маңызды рөл атқаратынын біледі. Кез-келген бейнеңіз үшін сенімді түрде қолдана алатын бірнеше түс бар.

Оқырмандарымызды, сәнгерлердің пікірінше, «қымбат» әрі кербез көрсететін киім түстерімен таныстырамыз.

color-20111

Ділназ Ахмадиева

Ақ

Ақ түс құдды «сізде бәрі жақсы екенін, қоғамдық көлікпен жүрмейтініңізді, ал ауданыңыздың көшелері сабынмен жуылатынын» аңғартатындай.

  • Ақ – қара түстің жаңасы. Бастан аяқ ақ түсті киім киіп, қара не ақшыл сары әшекей бұйымдарын тағыңыз.
  • Ақ түс көгілдір және сұр түстермен жақсы үйлеседі.
  • Егер адамдар арасынан бірден көзге түскіңіз келсе, ақ пәлте киіңіз. Енді бұл бейнеңізге күннен қорғайтын көзілдірікті қосыңыз. Айналаңыздағылар сізді жұлдыз деп ойлайтыны анық.
  • Ақ түсті аяқ киім немесе сөмке күнделікті киюге арналған кез-келген киіміңізді сәнді ете түседі. Құдды кәсіби сәнгер арнайы сіз үшін ойлап тапқан бейне сияқты.

color-30111

Луина

Қызыл

Қызыл қашанда кербездіктің белгісі болып қала береді. Бұл түсті тартымды, ер азаматтарды бас бұрып қарауға мәжбүрлейтін әйел бейнесімен байланыстырады.

  • Қызыл түсті киім кигеніңізде, теріңіз, шашыңыз, опа-далабыңыздың мінсіз екеніне көз жеткізіп алғаныңыз дұрыс.
  • Қызыл мен қара түстің үйлесімділігі жайлы ұмытыңыз. Бұл сіз ойлағандай керемет көрінбейді. Қараның орнына ұнамды қоңыр немесе ақшыл сары түстерді таңдаңыз. Ал қара түсті жеңіл аяқ киім не кішігірім әшекей бұйымдарды қызыл киіммен үйлестіруіңізге әбден болады.
  • Қызыл түсті кез-келген әшкей бұйым сырт келбетіңіздің сәнін арттыра түседі.
  • Қызыл түсті сырт киімде басы артық ұсақ бөліктердің болмағаны жөн.
  • Жылтыраған қызыл туфли кигеніңізде, кашемирден тігілген ақшыл сұр түсті киім таңдаңыз.
  • Бастан аяқ қызыл түсті киім кию бейнеңізді кербез көрсетеді. Тіпті қызыл далап та артық емес. Ал ақ немесе алқызыл түсті бір ғана әшекей бұйым бейнеңізді заманауи ете түседі.

color0111

Лидо

Қара көк

Бұл бейнеңізді «қымбат» көрсете алатын тартымды, көпшілікке ұнамды түс. өзінің сәнділігімен, қызы және ақ түстермен тамаша үйлесімділігі үшін, қара көк түс – тізімге ілігуге лайық.

  • Жүннен тоқылған ауыр матадан тігілген теңіз пенжектері жеңіл шалбар, джинсы, етегіңізді жабатын түзу белдемшелермен тамаша үйлеседі.
  • Қызыл, ақ түстерден бөлек, қара көкті көзге ұнамды қоңыр түсті пәлте, бешпетпен үйлестіруге болады.
  • Тек қара көк түсті киімдер кисеңіз, мұндай бейненің сымбатыңызды арттыра түсетіні қара түсті киімдерден кем емес. Бейнеңізді ерекшелеу үшін, қызыл және ақ түсті екі түрлі әшекей бұйым тағуыңызға болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар