Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кедей отбасынан шыққан бала өз күшімен Гарвард университетіне түсті

Ричард Дженкинтің бала күнінде сыныптастары мазақ етіп, «өзіңді ақылдымын деп санайсың ба?» деп күлетін. Кейіннен ол өзінің шынында ақылды екенін дәлелдеді.

Фото:CNN

Дженкинс бала күнінде інісі, анасы үшеуі баспанасынан айырылып далада қалады. Кейіннен Теннесиге, одан Флоридаға, Филадельфияға көшеді. 6-сынып оқып жүргенінде отбасымен үйсіздерге арналған баспанада тұрады. Сол кезд бұл тығырықтан білімнің арқасныда шығуға болады деп алдына мақсат қояды.

Білімге ден қойып, 11-сыныпта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа түседі. Ол жақта баскетболға қатысып, колледж кеңесіне мүше болады. Колледжде оны бәрі дарынды бала деп таниды.

Оқуға түсер кезде Дженкинс Пенсильван, Йель, Гарвард университетін таңдайды. Екі оқу орны қабылдамайды, Гарвард университеті оқуға қабылдап, тегін грант ұсынады. Яғни, тамақтануы мен жатын орны тегін.

«Бәрінің мақсатқа жету жолында шарықтау, құлдырау кезеңдері болады. Ниетіңізден де айнып қалуыңыз мүмкін. Бірақ мақсатыңызды берік ұстансаңыз, қалағаныңызға жетесіз», – дейді ол.

 

Талқылау