Қазақстанның оңтүстігінде Карлов Вар шипажайының баламасы пайда болады

Жексенбі, 7 Ақпан , 2016 12:13

Белгілі “Сарыағаш” шипажайы чехиялық “Карлов Вар” шипажайына ұқсастырылып қайта жаңғыртылмақ. Жаңа жобаның қайта жаңартылу үлгісін жергілікті билік өкілдері таныстырған.

1_a8cbcefd4445b440fc3383eff5c41f41

Сурет zagranizzu.ru сайтынан алынды

Бұл туралы Казахстанская Правда басылымы хабарлайды.

600 гектар аумақта жаңа сауықтыру кешендері салынбақ. Оның ішінде SPA-класс люкстер, кафе, мейрамхана, автовокзал және әуежай бар. Жергілікті бюджеттен 100 млн теңге туризм мен жолды дамытуға бөлінбек.

“Қызығушылық танытып отырған инвесторлар бар. Сингапур мен Индонезиядан да келіп қарастырып жатыр. Словениядан да келген адамдар болды. Олар қысқы кезде де жұмыс жасайтын аквапарк салғылары келеді. Сарыағаш ауданының негізгі байлығы, ол әрине – минералды суы. Дәрігерлер ол суды сирек кездесетін, бірқатар ауруларды емдеуге қауқарлы су деп атады”, – дейді Сарыағаш ауданының бас архитекторы Аман Төребеков.

Бірегей кездесетін “Сарыағаш” суының құрамында натрий гидрокарбонаты, кремний сияқты заттар бірнеше ауруларға ем. Сондай-ақ, калий, кальций, магний, темір, хлор және ванади секілді микроэлементтердің де пайдасы орасан.

Өз денсаулықтарын түзеу үшін мұнда күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған қазақстандық келеді. Шенеуніктер, шипажай қызметін, масштабын кеңейтіп қайта жаңғырту келушілердің де санының көбейе түсуіне әсер етеді дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар