Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрып, жұмыс істеген мәскеулік аруды не таңғалдырды

Оксана Бузина, мәскеулік Progression агенттігінің digital-менеджері, Алматы қаласына жұмыс істеуге және өмір сүруге үш айға келген. Қазақстанның оңтүстік астанасында мигранттар үшін өмірдің қанша тұратыны, бұл қалада серіктестермен қалай жұмыс істейтіндері және демалыс күндерін қалай өткізетіндері туралы  Rusbase сайтындағы авторлық колонкасында жазған. Сол жазбаны Stan.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына ұсынады.

Қазақстандағы жарнама агенттігінде жұмыс істеген ресейлік Алматы туралы ойымен бөлісті

Алматы қаласында Progression агенттігінің біреуі орналасқан, сондықтан мен Қазақстанға әріптестерімнің шақыртуымен бардым. Менің жасым сол кезде отызға толған еді, әрі тұратын мекенімді бірнеше айға ауыстыру және балалар тағамының бренді үшін digital-жобаны қосу мен үшін қызықты болды.

Ресейде Progression аталған брендпен бұрыннан бері жұмыс істеп келеді, ал қазақстандық кеңсе алғаш рет тендерді ұтып алды. Тез арада жиналдым: наурыздың соңында шешім қабылданса, сәуірдің ортасында мен Алматыда болдым.

Маған пәтерді әріптестерім жалдап қойған, алайда пәтерді өз еркіммен жалдаған кезде мен айына 20-25 рубль төлейтін едім.

Қаладан алған алғашқы әсерім – барлық жақтан тауларды көресің, тіпті сәуір айының өзінде олардың шыңында қар бар еді. Бұл көрініске үйренісе алмай, әрдайым таң қалумен болдым.

Тағы бір тосын сый мені жұмыста күтіп тұрды: алматылық әріптестерімнің кеңсесі жеке меншік жерде орналасқан. Атап айтқанда үлкен тіпті моншасы бар коттедж, ол жерді компания өзіне ыңғайлы қылып жасап алған.

Қазақстандағы жарнама агенттігінде жұмыс істеген ресейлік Алматы туралы ойымен бөлісті

Коттеджде қабылдау бөлімі мен жеке кабинеттер,келіссөз кабинеті, тіпті опен-спейс бөлмесі де бар. Жергілікті бояу барлық жерде байқалады: терезеден таулар көрініп тұрады. Жақын маңда орналасқан мешіттерден күніне бірнеше рет оқылатын намаздың дауыстары естілетін.

Мен әріптестерімнен кеңсенің неге бизнес орталықта емес жеке меншік жерде орналасқанын сұрадым. Олардың жауабы бойынша бұл жерде жарнамалық тауарды сақтайтын қойма бар екен. Менің ойымша мұндай кеңседе өзіңді үйдегідей сезінесің.

Әріптестеріммен орнатқан қарым-қатынасқа келер болсам, бастапқыда әрине қорықтым. Осында келерде маған көбі қазақстандықтардың эмоцияларға «кедейлеу» болады деп айтып еді. Алағшқы күннен-ақ олай емес екені белгілі болды. Мені әріптестерім қуана қарсы алды.

Уақыт өте алматылықтардың өте ашық екенін байқадым, әрі агенттікте де барлық жұмыс сәттерін және шешілмеген мәселелерді ортақ талқылайды.

Қазақстандағы жарнама агенттігінде жұмыс істеген ресейлік Алматы туралы ойымен бөлісті

Тілге қатысты қиыншылықты да байқамадым – қалада барлығы орысша сөйлейді, таксисттен бастап базардағы саудагерлерге дейін. Онымен қоса кинотеатрлардағы барлық тұсаукесерлер орыс тілінде өтеді. Ал футболдан әлем чемпионаты басталған кезде көптеген алматылықтар ресейлік командаға жанкүйер болды.

Алматының жарнама нарығында клиенттермен қарым-қатынас басқаша. Мысалы, барлығы бір-біріне “сіз” деп сөйлейді. Менің бақылауым бойынша, Қазақстанда әріптестер қарым-қатынасқа келгенде қарапйымдау болуға қарсы емес. Қаншама жерден құрмет танытса да, олар клиенттерінің сөзіне еріп кетпейді. Тәртіпті сақтауды, шектен шығып кетпеу деген дүниелерді біледі.

Біздің барлық конференц-коллдарымыз small talk-тан басталатын: “Сәлеметсіз бе, Оксана! Жағдайыңыз қалай? Барлығы жақсы ма?”.

Басында мен осыған қатты таңғалатынмын. Сосын, шындығын айту керек, іске кірісіп кеттім! Мәскеуде барлық сұрақтар артық әңгімесіз талқыланады. Сондықтан еліме қайтып оралсам да, асықпай отырып сөйлесетін диалогтарымызды сағынамын.

Алматыдағы жарнама агенттіктерінде жұмыс істейтін аккаунт-менеджерлердің орташа жалақысы — 50-65 мың рубль. Жалпы, Қазақстандағы digital-жарнама туралы айтсақ, ол жерде негізінен ресейлік нарықтың жобаларын бейімдеу жүзеге асырылады. Сондықтан әріптестеріміз бізде не болып жатқанын бақылайды. Көбісіне Мәскеуге келіп, тағылымдамадан өткен қызық. Егер өнім Ресейде жақсы көрсеткіштер көрсетсе, онда ол қазақстанда да сондай жетістікке жетеді деп саналады. Оның үстіне алматылық жарнамашылардың әрқайсысында жобаны жүзеге асыруға деген шынайы құштарлық бар. Олар нәтижеге қарап жұмыс істегенді қатты жақсы көреді.

Тағы да байқаған қызық дүниелерім: қазақстандық промо-жарнамада пайдаланушы келісімі қабылданғаннан бастап чек-бокстер болмайды. Оларда заңнама талап етпейді. Біз ол жерде әріптестеріміздің тарапынан қатты бәсекелестікті де сезінбедік. Керісінше, көптеген жұмыстар бірнеше агенттіктердің бірігіп жасаған жұмыстары арқылы жүзеге асады.

Жұмыс күні Мәскеудегідей. Таңғы оннан кешкі сағат жетіге дейін.

Тағы да байқаған қызық дүниелерім: қазақстандық промо-жарнамада пайдаланушы келісімі қабылданғаннан бастап чек-бокстер болмайды. Оларда заңнама талап етпейді. Біз ол жерде әріптестеріміздің тарапынан қатты бәсекелестікті де сезінбедік. Керісінше, көптеген жұмыстар бірнеше агенттіктердің бірігіп жасаған жұмыстары арқылы жүзеге асады.

Жұмыс күні Мәскеудегідей. Таңғы оннан кешкі сағат жетіге дейін. Өмір ритмі ырғақтырақ.
Ешкім ешқайда асықпайды. Тез сөйлесе де…бәрібір тез емес.

Тағы да бірнәрсе…

Алматыдағы өмір тағы несімен есте қалды? Сөзсіз, ет ғұрпымен! Егер ол жерде офисте тамаққа тапсырыс жасауды жоспарласа, көбінесе тауық етінен немесе еттің басқа да түрлерінен жасалатын кәуаптарды алдыртады. Жалпы, бұл қалада өмір сүру мәскеудегімен салыстырғанда арзанырақ. Мысалы, танымал мейрамханалардың бірінде бизнес-ланч 200 рубльден арзан тұрмайды. Грильдегі көкөністердің үлкен порциясы шамамен 80 рубль тұрады.

Алматыда көп жерлерде шылым шегуге болады. Темекі өнімдері дүкен сөрелерінде еркін тұра береді. Мейрамдардың күнтізбесі де басқаша. Мысалы, Қазақстанда Елбасының туған күні ресми демалыс саналады. Ал Отан қорғаушылар күні 7 мамырға ауысқан.

Демалыс күні алматылықтар тауға шыққанды жақсы көреді. Табиғатқа деген жақындық сезіледі. Таудан бөлек, қала аймағында бірнеше әдемі көлдер бар. Мен “Медеу” мұз айдынына барып, коньки теуіп, сол жердегі мейрамханалардың бірінде отырғанды жақсы көремін.

Жалпы, Алматыдағы өмір экспат үшін қолайлы. Мысалы, мен ешбір қиындықсыз спорттық клубты қатынадым. Мәскеуде кептелістің салдарынан оған қатынау оңай емес еді. Жұмысқа мен жиі жаяу баратынмын. 15 минуттың ішінде жететінмін. Бұл қалада адамдар мейірімді, Мәскеумен салыстырғанда көптеген қызметтер арзанырақ тұрады.

Мысалы, үйімнен “Шымбұлақ” деген шаңғы курортына жету үшін 250 рубль жұмсадым. Жарты сағаттық жол. Дүкендердегі азық-түліктердің бағасы мәскеулікпен бірдей. Жергілікті өнімдердің бағасы қымбат емес. Менің жобалап есептегенім бойынша, бір адам осы қалада 65-70 мың рубльмен бір ай тұра алады. Пәтер жалдауда сол сомманың ішіне кіреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау