Қазақстан қысқы Олимпиада ойыншыларына қанша сыйақы төлейді

2018 жылғы қысқы Олимпиаданың аяқталуында мемлекеттік сыйақыға үміткер спортшылардың тізімі белгілі болды деп хабарлады ҚазАқпарат. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, кем дегенде 6-орынды иеленген спортшылар сыйақы ала алады.

Осыған байланысты биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы  Юлия Галышева мен 6-орынды қанжығалаған шорт-тректен өнер көрсеткен ерлер эстафета командасы ілінеді.

Үкімет қаулысына сәйкес есептегенде Юлия Галышеваға бөлінетін  мемлекеттік сыйақы 75 мың долларды құрайды.

Ал шорт-тректен ерлер эстафета командасына, соның ішінде Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхановқа жалпы 20 мың доллар беріледі.

Одан бөлек, спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10%-ы бірінші бапкеріне, 80%-ы жеке бапкеріне, 10%-ы осы спорт түрі бойынша ҚР құрама командасының бас бапкеріне беріледі.

Ал шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың доллар беріледі.

Қорыта келгенде биыл Қазақстан қысқы Олимпиада ойыншылары мен бапкерлеріне 185 мың доллар сыйақы береді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақ Олимпиадада қазақстандық спортшылардың жүлделі орыннан көрінуге соңғы мүмкіндігі қалды

Қазақстандық хоккейші ҚХЛ матчы кезінде ресейлік спортшымен төбелесіп қалды (видео)

Қазақстан құрамасы Ақ Олимпиаданы жалғыз қола жүлдемен аяқтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар