Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Ақ Олимпиаданы жалғыз қола жүлдемен аяқтады

16 күнге созылған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары да аяқталды. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен додада Қазақстан құрамасы бір қола жүлдемен жалпы есепте жүлде иеленген елдер қатарында 28-орыннан көрінді.

Сурет: pyeongchang2018.com

Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Ақ Олимпиаданың жабылу салтанатына Қазақстан құрамасы да қатысты. Сондай-ақ шаңғы спортынан ерлер мен әйелдер арасында марафон жарысының жүлдегерлері медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Олимпиаданың ресми түрде жабылғаны жайлы ХОК басшысы Томас Бах хабарлады. Келесі төртжылдықтың басты додасы 2022 жылы Бейжіңде (Қытай) өтеді.

Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 92 елден 2922 спортшы қатысты. 15 спорттық сайыс түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Жалпыкомандалық есепте 14 алтын 14 күміс 11 қола медаль еншілеген Норвегия құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Германия құрамасы (14 алтын 10 күміс 7 қола) ие болса, үздік үштікті Канада құрамасы (11 алтын 8 күміс 10 қола) түйіндеді.

Оқи отырыңыз:

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау кезінде медальдарды шатастырып алды

Головкин-«Канело» қарымта кездесуінің ең арзан билеттері 3 минуттың ішінде сатылып кетті

Ақ Олимпиадада қазақстандық спортшылардың жүлделі орыннан көрінуге соңғы мүмкіндігі қалды

Ойын кезінде су ішуге кетіп қалған неміс қақпашысы гол жіберіп алды (видео)

Талқылау