Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қызымен ұрысып қалған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қарағандыда 28 жастағы Денис Перепелкин қызымен ұрысып қалғаннан кейін 3 наурыз күні үйден шығып кетіп, әлі күнге оралмаған.

7a342276fcfa4b70d201e21d200cee89_XL

Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлайды.

Соңғы уақыттары ол екі отбасыға арнап салынған үйдің бір бөлігінде тұрыпты. Ал екінші бөлігінде анасы тұрған. Туыстарының айтуынша, олар Денисті табу үшін жер-жерге хабарлама іліп, аудан тұрғындарына сұрау да салып, әлеуметтік желіге де жариялап көрген.

“Кеше анам оның 92 кварталда орналасқан түнгі дүкенге екі рет кіргенін білді. Оны ол жерде таниды, бірақ үйінен кетіп қалды деп ойламадық. 45, 92 кварталдардағы хабарламалар жыртылып қалыпты. Мұны сол істеген болуы мүмкін. Өйткені, басқа жерге ілінген хабарламалар әлі орнында тұр”, – дейді Денистің әпкесі.

Денис қаңтар айында әйелімен ажырасқан екен. Ол некеден үш жасар қызы бар. Ол жоғалар алдында жаңадан жүріп жүрген қызымен қатты ұрысып қалған.

3 наурыз күні ол көк түсті күртеше, сұр бас киім, джинсы мен туфли киген. Оның бойы 173 см, арық денелі.

Жігіттің жоғалып кеткені туралы хабар полицияға 13 наурыз күні түсті. Қазіргі таңда іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Денис туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарласса болады: 8 (708) 151 71 92, 8 (701) 835 71 92.

Оқи отырыңыз:

Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Қазақстандық әже қыздарға 20 жасқа дейін босанып алуға кеңес берді

Талқылау