Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)

Шымкенттік азамат жанармай сұраған алаяқ қызға қалай алданып қалғанын айтып берді.

look.com.ua-81065

 

Наурыздың 3-і күні желіде видео пайда болды. Онда шымкенттік азамат жанармай сұраған алаяқ қызға қалай алданып қалғанын баяндайды.

“Жұмыстан түнделетіп қайтып келе жатсам, бір қыз жол бойында дабыл белгісін жағып, жанармай багын ашып, елден көмек сұрап тұр екен. Тоқтап мән-жайды сұрастырдым. Ол ақшасының жоқ екенін, жанармайы таусылып қалғанын айтты. Сосын бекетке барып жанармай әкеліп құйып бердім де, кетіп қалдым. Кейін сәлден соң басқа жұмыстарыммен сол жолдан өтіп бара жатсам, әлгі қыз сол орнында әлі тұр. Дәл бастапқыдай көмек сұрап тұр. Қасына барып, неге жүрмегенін сұрағанымда алғыс айтып, кете беруімді сұрады. Сосын оның ісіне күмәндана бастадым. Тағы біраз уақыттан соң әдейілеп өтсем, тағы тұр. Басқа адамдар тоқтап, мен секілді көмектесіп жатыр екен. Шымкентте осындай алаяқ қыздар пайда болыпты. Алданып қалмаңыздар”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлыбритания ханзадасы түнгі клубтардың бірінде белгісіз бойжеткенмен құшақтаса биледі (видео)

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Жол сақшысы мың бұралып билеп тұрып көлік қозғалысын реттеді (видео)

Талқылау