Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозымбаев өмірден өткен әйелдің ішкі органдарын трансплантациялауға келіскен туыстарына алғыс айтты

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев инсульттен өмірі қиылған әйелдің мүшелерін науқастарға беруге рұқсат еткен туған-туысқандарына алғысын айтты.

бозумабаев3

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жүрек, бауыр, бүйрек органдары трансплантациясы жақында жасалды. Нәтижесінде үш науқастың өмірі құтқарылды.

Әкімнің сөзіне қарағанда, дәрігерлер жүрегі ауыстырылған науқастың өмірін екі-үш аптаға ғана жалғасатынын болжаған, абырой болғанда дер кезінде жасалған операцияның арқасында оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

«Осы мінберді пайдалана отырып, бөтен адамдарға жақынының мүшелерін беру туралы ауыр шешім қабылдаған туған-туысқандарына үлкен алғысымды айтқым келеді. Бұл шын мәнінде адамгершіліктің үлгісі. Атап айтқанда, бұл азаматтық қаһармандық»,-деді Қ. Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, облыста жүрек ауруы, туберкулез, онкология, нашақорлық секілді аурулардың негізгі түрлері бойынша төмендеу байқалуда. Сонымен қатар ана мен бала өлім-жітімі азайып келеді.

Талқылау