Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада тұрғыны ұлттық лотереядан 7,5 млн доллар ұтты

Әзірге аты-жөні белгісіз болып отырған Канада тұрғыны  танымал ұлттық лотереялардың бірі – “6 из 49”-дан 9,8 млн канадалық доллар ($7,54 млн) ұтты.

cekilis0-i27294 (1)
Сурет: mygazeta.com 

Бұл туралы Канадада осындай оншақты ұтыс ойынын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі  мәлім етті.

Қазіргі сәтте бақытты түбіртек елдің шығыс атлантикалық провинцияларының бірінде сатылғаны мәлім болды.

«Ойналған нөмірлер – 8, 29, 31, 36, 43 және 47. Бонус саны – 23″,-деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Бұдан басқа тағы бір бақытты жан  1 млн доллар ұтқан

( $770 мың шамасында). Бұл билет Онтарио провинциясында сатылған.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың қазанында “6 из 49” лотереясында  Канада тарихындағы аса ірі 64 млн канада доллары көлемінде ($49,5 млн)  джекпот ойнатылған болатын.

Ал өткен жылдың желтоқсанында Lotto Max лотереясында көлемі жағынан  екінші –  60 млн доллар ұтыс джекпоты тіркелген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық ағайындылар лотореядан $291 млн ұтып алды

Талқылау