Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ипотекаға үй алып, Алматыға көшіріп алғым келеді": Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындары үшін алаңдады

“Асыл” тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай су тасқынынан зардап шеккен атыраулық жерлестеріне алаңдайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akerkeburkitbay/

Өнер иесі анасы мен бауырларын үшін алаңдайтынын жеткізді.

“Сәлем, достар. Қалдарыңыз қалай? Көңіл күй жоқ. Сол баяғыдай Атыраудағы, жалпы Қазақстандағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Петропавлдың жағдайы өте нашар. Оралды су басып жатыр. Атырауға судың келіп-келмейтінін білмейді. Адамдарды бір эвакуациялайды, бір қайтарады. Халық моральдық тұрғыдан шаршады. Мен Атырау тумасы болғандықтан, барлық туыс, дос-жаран, ата-анам сол жақта. Қалай боларын білмеймін?! Иә, су келеді, кейін кетеді. Мен содан кейін болатын жағдайға өте қатты алаңдаймын. Қарапайым халық бұрынғы тұрмысын қалпына келтіре алмайды. Қаншама үй мен мал кетті. Бір Құлсарының өзін ойлаудың өзі қорқынышты”, – деп оқырмандарымен сырласты.



Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен анасы мен бауырларын Алматыға көшіріп алуды да ойлағанын жасырмады. Басқа да “Атыраулық ағайынның ойы қалай екен?!” деп оқырмандарына сауал тастады. 

“Атыраудағы анам мен бауырларымды Алматыға көшірген дұрыс па?! Әлде сол жақта қалып, күту керек пе?!” Ертең топан су болса, не болады?!. Үйге 5 сантиметр су кіре ма, 5 метр кіре ма, бәрібір. Су кірген үй тұруға жарамсыз болып қалатыны анық. Оның бәрі қалпына қалай келеді?! Бір шешімін тауып, ипотекаға болса да, үй алып, Алматыға көшіріп алғым келіп отыр. Сонда ғана жүрегім мен жаным тыныш болатын шығар?! Ой көп. Сіздер не істеп жатырсыздар, атыраулықтар?" – деп сұрады қобызшы. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысынан судың келуіне байланысты Атырау облысында өткен тәулікте Жайық өзеніндегі гидробекеттерде де су деңгейінің шамалы көтерілуі байқалады. Сәуірдің үшінші онкүндігінде үлкен су келуі болжанды.

Талқылау