Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым мен қызымнан ұялдым": Бейбіт Қорған алғаш рет қоғамды шулатқан "некесіз баласына" қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Бейбіт Қорған желіні шулатқан некесіз баласына қатысты шындықты “Жақсы адамдарым” бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы – әншінің ұлы. 

“Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті. Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі Алланың сынағы, өтеді де кетеді", – деп жауап берді әнші. 



Еске салайық, қоғамды шулатқан істен кейін Бейбіт Қорған ДНҚ сынамасын тапсырды. Алайда қорытындысы баланың әкесіне түк қатысы жоқ екені дәлелденді.  

“Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған келіп, аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қорытындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Сонымен қатар ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады”, – деді өнер иесінің адвокаты Орынгүл Ұзаққалиева.

Талқылау