Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада теміржол күзетінің басшылары 160 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Астанада теміржол күзетінің басшылары 160 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сотта теміржол күзетінің бас директоры өзінің орынбасары және бас менеджерімен бірге бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам қаражатты бюджеттен жымқырғанын анықтады.

Сонымен қатар бас директор өз өкілеттігін асыра пайдаланып, менеджерді компанияның құрылымдық бөлімшесіне жүргізуші ретінде жұмысқа орналастырған. Осылайша оған ЖШС-ке 1,5 миллион теңгеден астам жалақы тағайындату арқылы оны өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған.



Бас директор мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына, ал бас бостандығынан сегіз жылға айырылды.

Басқа сотталушылар жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы кінәлі адамдардан бірлескен тәртіппен өндіріліп, келтірілген залал сомасы шегінде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау