Иммунитетті көтерудің 8 қарапайым жолы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша, 1 наурыз – бүкіләлемдік иммунитет күні болып бекітілді. Оның мақсаты иммундық аурулармен байланысты мәселелерді еске түсіру, сондай-ақ иммунитетті сақтау және нығайту болып табылады. Осыған орай, Stan.kz ақпараттық агенттігі оқырмандарға иммунитетті нығайтудың бірнеше қарапайым жолын ұсынады.

Иммунитетті нығайтудың 8 қарапайым жолы

Иммунитет – бұл дененің қарсыласу қабілеті. Иммундық жүйе бөгде жасушаларды, түрлі инфекциялар мен вирустарды бейтараптандырады, содан кейін оларды жойып жібереді.

Иммунитеттің бұзылу белгілері

Жиі салқын тигеннен болатын аурулар, температураның көтерілуінің ұзақтығы, созылмалы шаршау синдромы, буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну, ұйқының бұзылуы, жиі бас ауруы, теріде бөртпелердің пайда болуы – мұның бәрі иммундық жүйенің бұзылыстарының көрінісі болып табылады және ағзаның қорғаныш күшін күшейтуді қолға алып, дәрігерге жүгінудің себебі болмақ.

Адамның иммун жүйесі жартылай тұқым қуалаушылыққа тәуелді. Себебі ол құрсақта және қалған 50%-ы өмір сүру деңгейінен қалыптасады. Адамның иммунитеті пайдалы ұйқының, жаттығу мен үйлестірілген тағамның арқасында сақталады. Әдетте адамдар иммунитетті сақтаудың рөлі мен мүмкіндігін тек ауырған кезде ғана ойлайды, ал бұның өзі иммун тапшылығының салдары болып табылады.

Сондықтан әрбір адамға денсаулығын сақтау және иммундық жүйені нығайту маңызды, әсіресе көктем қарсаңында. Себебі, бұл уақытта ағза ерекше қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ, жедел респираторлы аурулар мен жедел респираторлық-вирустық инфекциялардан немесе тұмаудан зардап шеккендерге және үлкен физикалық күштерді сезінетіндерге иммунитетке назар аудару керек.

Бұл ретте, иммунитетті нығайтатын арнайы құралдардың көмегімен денсаулықты қалыпқа келтіруге болады. Дегенмен, ағзаны нығайтудың көптеген қосымша жолдары бар.

Ақжелкек, асшаяндар және лавр жапырағы

Тамақтану – вирустар мен аурулардан қорғанудың кепілі және ағзаның қорғаныш күшін жақсартуға ықпал ететін маңызды фактор. Азықтану сандық және сапалық тұрғыдан да мүмкіндігінше пайдалы болуы керек. Сіздің мәзіріңізде жануар мен өсімдік тектес ақуыздар болуы қажет.

Жануар ақуызы ет, балық, жұмыртқа мен сүтте, ал өсімдік ақуызы – бұршақ пен үрмебұршақта, қарақұмық және сұлы жармасында болады. Сондай-ақ, сиырдың бауыры мен асшаяндар, мидия, кальмар секілді теңіз өнімдері де иммундық жүйенің қызметіне пайдалы.

Бірақ, кез-келген жағдайда иммунокүшейткіштерді өздігінен қабылдай беруге болмайды. Ал дәрігер осы препараттарды тағайындамас бұрын стандартты терапияның қажетті нәтиже бермегеніне көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, науқастың иммунограммасын зерттеп, иммунокүшейткіштерді қолданудың ұзақ мерзімді тәжірибесіне, атап айтқанда, белгіленген дәрілік препараттардың ұзақ мерзімді әсерін бағалауға негізделген тәжірибеге көз жеткізуі керек.

Сондай-ақ, зімбір, бөріқарақат, қалампыр, күнзе, даршын, насыбайгүл, кардамон, куркума, лавр жапырағы және ақжелкек иммунитеті жақсы көтереді.

Витаминдер өндіру қажет

Иммундық жүйені нығайту үшін витаминдер мен микроэлементтер қажет. Олардың жетіспеушілігін мультивитаминдік кешендердің көмегімен толықтыруға болады. Бірақ жалпы алғанда, витаминдер мен микроэлементтерді табиғи түрде алған жөн.

Мысалы, А витаминін сәбізден, жүзімнен, жасыл көкөністерден, яғни барлық қызыл және қызғылт-сары жемістер мен көкөністерден алуға болады. Ал С витамині итмұрын, мүкжидек, итбүлдірген, қырыққабат, әсіресе ашытылған қырыққабатта, цитрустарда кездеседі. Е витамині – күнбағыс, зәйтүн немесе жүгері майында болады. В тобындағы витаминдер бұршақта, дәнді дақылдарда, жұмыртқада, кез-келген көкөністе және жаңғақтарда көп болады.

Микроэлементтердің ішінде мырыш пен селен иммунитетке оң әсерін тигізеді. Мырышты балықтан, ет пен бауырдан, жаңғақтан, бұршақ және үрмебұршақтан алуға болады. Ал селен балықта, теңіз өнімдерінде, сарымсақта кездеседі.

Сонымен қатар, темір, мыс, магний және мырыш секілді минералды заттарды бауыр мен бүйректен, жүрек, жаңғақ, бұршақ және шоколадтан алуға болады.

Құрғақ қызыл

Темекі мен алкоголь иммунитетті әлсіретіп қана қоймай, оны өлтіреді. Темекінің зияны бәріне белгілі болғанымен, біраақ алкогольдің жөні бөлек. Мысалы, құрғақ қызыл шарап иммунитетке пайдалы. Бірақ ең жоғарғы рұқсат етілген тәуліктік доза – 50-100 граммнан аспауы тиіс.

Суыққа бейімделу

Ең алдымен ерекше емес қорғанысты көбейте отырып, аурудың кез-келген түріне алдын-ала дайындалу керек. Ағзаны шынықтыру әдісі туралы бәрі біледі. Бірақ көпшілігі ағзаны шынықтыру суыққа бейімделу деп санайды. Мысалы, қыста іш киіммен қарда жүру. Бірақ шын мәнінде, ағзаны шынықтырудың мәні – шырышты қабық жаттығулары кезінде температураның күрт өзгеруіне жылдам жауап беруінде болмақ.

Жаттығулар өте қарапайым болуы мүмкін. Мысалы, қолдан шынтаққа дейін кезекпен суық және ыстық су құйыңыз. Суық судың температурасы +20 ° C, ыстық судікі +35 ° C болуы керек.

Су құюды күн сайын, күніне 5-7 минут, таңертең немесе кешке жасаған жөн. Әсіресе бұл рәсім балаларға жақсы көмектеседі.

Тыныштық және тек қана тыныштық!

Күйзеліс – иммунитеттің негізгі жауларының бірі. Ең қауіпті күйзеліс түрі бақыланбайтын күйзеліс. Бұл кезде адамдар өз эмоцияларымен күресуге қабілетсіз болады. Ақыл-ой дағдарысынан құтылудың тек бір ғана жолы бар. Мұндай кезде барлық жағдайға тыныштықпен қарау керектігін және жағдайды өзгерте алмайтын болсаңыз, онда оны солай қабылдау керек екенін жиі еске түсіріңіз.

Күлкі

Егер сіз кейде күйзелісті сезінуге мәжбүр болсаңыз, онда оның орнын күлкімен өтеңіз. Күлкі денеге қалыпты жаттығулар секілді әсер етеді. Ол қан қысымын төмендетіп, күйзелісті жеңілдетеді және иммундық жүйені күшейтеді. Сонымен қатар, күлкі тәбетті жақсартады, холестерин деңгейін азайтып, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының және қант диабеті ауруының қаупін төмендетеді.

Мысық асыраңыз

Мысықтар иелерін жүрек ауруларынан қорғап, жүйке жүйесіне оң әсер ете отырып, олардың иммунитетін жақсартады деп есептеледі. Мысықтың дене температурасы 38-39 градус. Ал егер адам суық тиіп ауырып қалса, пырылдаған мысық иесінің жанына жатып оның денесін жылытады. Соның арқасында, мысық тұмауға қарсы күресуге көмектеседі және қожайынының күйзеліске қарсы тұрақтылығын сақтап, күшейтеді.

Мысықтар көне заманнан бері келе жатқан ең танымал және сүйікті үй жануары болып табылады. Оларға деген сүйіспеншіліктің шексіз болғаны соншалық 1 наурыз – көктемнің алғашқы күні бүкіләлемдік мысық күні деп бекітілді.

Иммунитетті көтеруге арналған халықтық емдеу құралдары

Мысалы, шашыратқы түбірі иммундық жүйені нығайтады және вирустардан қорғайды.

Егер суық тию және жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен жиі ауыратын болсаңыз, каланхоэ шырынының көмегімен ағзаны нығайтып көріңіз.

Ағзаның күшін нығайтуға дене шынықтыру да жақсы көмектеседі. Оның ең қарапайым жолы синтетикалық материалдан жасалған алашаны алып, оны иммунитетті арттыратын өсімдіктер тұнбасымен дымқылдатып және соған жалаң аяқ тұру керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар