Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ілияс Испанов мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге баспана сыйлады

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мүгедек баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Асылбек Оспановтың шаңырағына барды.

Әкім БАҚ бетінде көтерілген әкенің жағдайына бей-жай қарай алмағанын айтты,-деп жазды АқтөбеNews басылымы.

Қала әкімі 6 жастағы баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Асылбек Оспановқа бір бөлмелі пәтер сыйлады.

«Журналистерге, интернет желісін тұтынушыларға көп рахмет. Сіздер арқылы бұл отбасының проблемасы туралы естідік.

Жағдайды бірден бақылауымызға алып, отбасыға көмек көрсетудің жолдарын қарадық.Отбасыға берілген бұл үй осы уақытқа дейін қараусыз, иесіз тұрған.

Үй адам тұратындай жағдайда болған жоқ. «Қолғанат Ақтөбе» қорының қаржылық қолдауымен үйді жөндеп, отбасыға беріп жатырмыз. Болашақта коммуналдық меншікпен бұл үйді осы кісінің атына аударуды қараймыз», — деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Асылбек Оспановқа пәтер бірінші қабаттан берілді. Ол ұлын үш жылдан бері өзі тәрбиелеп отыр. Екі баласы бар, екеуі де мүгедек. Тұрмыстық қиындықтармен әйелімен ажырасып кетіп, екеуі екі баланы бөліп алған.

«Алғашында екі баланы да маған берді. Бірақ, мен екеуін баға алмадым. Сондықтан әйеліме үлкен баланы алып кетуін сұрадым. Ол үлкен баланы бір жылға оңалту орталығына берген.

Мен осы 6 жастағы Рахат деген баламмен ертелі кеш үйде отырамын. Балам өздігінен аяғын баса алмайды. Массаж керек. Баланың емін үзгім келмейді, мейірімді жандар көмек көрсетсе, баланы Мәскеуге емдетуге апарғым келеді», — дейді Асылбек Оспанов.

Ақтөбе қаласының әкімі мүгедек баланың еміне де қолдау көрсететінін айтып уәде берді.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайында ұшқалы тұрған әуе кемесі жолақтан шығып кетті

Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Талқылау