Франциялықтар Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Жұма, 10 Ақпан , 2017 16:37

Қытайдағы I am a Singer жобасы басталғалы бері Димаш Құдайбергеновті бүкіл әлем танып жатыр. Ол екі аптадан бері Қытайдағы ең танымал жұлдыздар рейтингінде көш бастап тұр. Ол аз десеңіз, «Димаш» пен «Қазақстан» сөздері қытайлар ең көп іздейтін тегтер қатарына кірді.

Dimash K-100217

Ал YouTube желісін аша қалсаңыз, «Әлем қазақтардан есеңгіреп қалды» («Мир в шоке от казахов») атауымен сипатталған видеолар топтамасына кезігесіз. Онда әлем халықтары қазақ әншісінің әнін тыңдаған кезде қандай күйге бөленгендерін айтып, эмоцияларын көрсеткен.

Енді, міне Димаштың талантын Франция да мойындап жатыр. Француз телеарналарының бірі Димаштың ең алғашқы кезеңде орындаған әнін көрсетіп, оны жоғары бағалаған.

Бұл туралы Жазира есімді желі қолданушысы жазған.

«Талантыңды бүкіл әлем мойындап жатыр, қазір Францияда Actuality хабарында “біздің Даниель Белавоиннің әнін жас қазақ жігіті өте тамаша орындап шықты” деп жоғары бағалады», – деп жазады ол.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр. Ал төртінші кезеңде Димаш қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты. Алайда бұл кезең эфирден 11 ақпан күні көрсетіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың қытайлық жанкүйер қыздардан қашып бара жатқан видеосы жарияланды

Димаш Құдайбергенов: Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» қатыспайтын болды

Димаштың жарыста алғашқы үштіктер қатарында қалуына қытай тіліндегі әннің септігі тиген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар